21-қазан. Turaninform. Жапонияның премьер-министрі болып, алғаш рет әйел сайланды. Аты-жөні – Санаэ Такаити. Жаңа үкімет басшысы, әйгілі саясаткер Маргарет Тэтчерді пір тұтады екен. Тіпті сол сияқты, жапондық “темір бикеш” болғысы келетінін жасырмайды.
Алпыстың бесіне аяқ басқан ол, мемлекет қауіпсіздігіне аса мән береді. Сондықтан да армияны қайта құрылымдауды, Қытайдың экспансиялық саясатына қарсы тұруды құптайды. Ал, отбасылық құндылықтарға қатысты көзқарасына келсек, біржыныстылардың некесіне қарсы.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР