Төлқұжаты мықты ТОП-10 ел

Төлқұжаты мықты ТОП-10 ел

15-қаңтар. Turaninform. Henley & Partners компаниясы төлқұжаты мықты елдерді жылдағыдай түзіп шықты. Соған сәйкес, алты ел бірдей көрсеткішпен бірінші орында тұр. Екі елден басқасы Еуропа мемлекеттері. Қалғаны Азиядан: Жапония мен Сингапур. Әрқайсысының төлқұжатымен 194 елге визасыз баруға болады.

Ондыққа, “Балтық жағалауы елдері” деген айдары бар – Литва, Эстония және Латвия да енген. Ал, ТОП-10 елдері төмендегідей:

  1. Франция, Германия, Италия, Жапония, Сингапур, Испания;
  2. Финляндия, Корея Республикасы, Швеция;
  3. Австрия, Дания, Ирландия, Нидерланды;
  4. Бельгия, Люксембург, Норвегия, Португалия, Ұлыбритания;
  5. Грекия, Мальта, Швейцария;
  6. Австралия, Чехия, Жаңа Зеландия, Польша;
  7. Канада, Венгрия, АҚШ;
  8. Эстония, Литва;
  9. Латвия, Словакия, Словения;
  10. Исландия.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0