17-қаңтар. Turaninform. Өткен жылы Чехияда 277 000 жеке кәсіпкерлік жабылған. Мұндай жағдай 1993ж. бері болмаған екен. Imper компаниясының мәліметі осындай. Басқа салалармен қатар, ресторан кәсібіне де ауыр тиген. Былтыр 22 000 адам осы кәсіпкерліктен теріс айналған. Салыстыру үшін, 2022ж. ресторан кәсібінен кеткендер саны 6 209 адам ғана болған.
Чехия, Еуроодақ бойынша алғанда, халқының тұрмысы орташа не содан сәл төмендеу елдердің бірі.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР