8-наурыз. Turaninform. The Economist Intelligence Unit – Ұлыбританияның зерттеу және талдау орталығы 2023ж. арналған әлем елдері бойынша демократия индексін түзді. Тізімге жүз алпыстан аса мемлекеттер мен арнайы мәртебесі бар аймақтар алынған. Соған сәйкес, 24 елдің халқы толық демократиялық саяси жүйеде өмір кешіп жатыр. Өкінішке қарай, авторитарлы режимдегі елдердің қарасы қалың. 59 мемлекеттің азаматтары биліктің қапасында қалып отыр.
Зерттеулерге сәйкес, жоғары ұпайға Норвегия ие болды. Аталған елдің көрсеткіші – 9,81, тиісінше, он ұпайдан осынша алған.
Ал, ТОП-10 елдері осылай тізілген:
1. Норвегия;
2. Жаңа Зеландия;
3. Исландия;
4. Швеция;
5. Финляндия;
6. Дания;
7. Ирландия;
8. Швейцария;
9. Нидерланды;
10. Тайвань.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР