1-мамыр. Turaninform. The Economist Intelligence Unit зерттеуіне қарағанда, әлемнің 26 елі былтыр толық демократияда өмір сүрген. Демек, дүние жүзіндегі шамамен әрбір алтыншы елде саяси бостандық сақталады, тиісінше, азаматтық қоғамы дамыған. Демократиялық мемлекеттердің ішінде де көрсеткіші жақсара түскені немесе нашарлағаны бар. Мәселен, Дания жетінші орыннан бірден үштікке бір-ақ енген. Канада да ондыққа кіріп отыр. Дегенмен авторитарлы, тоталитарлы елдерден саны жағынан екі еседен аса кем.
Сонымен Democracy Index 2025 тізімінде ондыққа енген елдер төмендегідей:
1. Норвегия;
2. Жаңа Зеландия;
3. Дания;
4. Исландия;
5. Финляндия;
6. Швеция;
7. Ирландия;
8. Швейцария;
9. Канада;
9. Люксембург.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР