22-наурыз. Turaninform. Осыдан 35 жыл бұрын Наурыз мейрамы қазақ елінде қайта жаңғырды. Бұған дейін ондаған жылдар бойы, дәлірек, 1926ж. бері, КСРО саясаты кесірінен, ұлттық деңгейде тойлауға тыйым салынған еді. Содан бері сан жылдар өтсе де, арасы үзілмей, атап өтіліп келеді. Тіпті жаңа рең беріп, маңызын арттырып, ұлтты ұйыстыра түсетін мейрам ретінде деңгейін көтере түсу де айтылды.
Дегенмен қазіргі Наурыз, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардағыдай кеңінен жайылған дастарханымен ел есінде қалатындай емес. Сол уақытта, елдің әлеуметтік жағдайы қиын болса да, бұл мейрам арқылы, адамдардың кең пейілі байқалатын. Егер, сол кездегі аға ұрпақ, қазір тойласа, шынында да, халықтық тойға айналдырар ма еді…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР