22-қараша. Turaninform. Осыдан 60 жыл бұрын АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннеди атып өлтірілді. Дүниені дүр сілкінткен қайғылы оқиғаға ондаған жылдар өтсе де, құпиясы толық ашылған жоқ. Жылға жуық уақыт өткенде, арнайы құрылған комиссия 900 беттен тұратын ресми қорытынды баяндама әзірлейді. Қызық болғанда, бұған сол кездегі президент Л. Джонсон да сенбеген делінеді.
Оқиғадан соң қоғам ішінде ғана емес, билік басындағылардың арасында да қым-қуыт ойлар етек алады. Соның бірі – КСРО қолтаңбасы бар деп санау. Сондықтан да АҚШ тарапы: көшбасшысын құртса, билігін алуға болатын “Банан” республика емес екенін де мәлімдейді. Сондай-ақ, Дж. Кеннеди мінген автокөлікті тергеушілерге дейін жалма-жан тазалап, жаңалап қоюы да, арқасына оқ тиген қасындағы губернатор киімін соған шейін жуып тастауы да, күмәнді қоюлатып жіберген еді…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР