25-сәуір. Turaninform. Зерттеулерге сәйкес, үш жасқа дейінгі балалардың 50%-ы өтірік айтады. Yourtango осылай дейді. Ал, Гарвардтың медициналық мектебінде жұмыс істеген клиникалық психолог Кортни Уорреннің сөзінше, жалған сөйлеу баланың даму үдерісінде кездесетін дүние. Әрі бүлдіршіннің индивид ретінде қалыптасып келе жатқанының, ұтқыр ойлаудың бір белгісі деп санайды.
Сондықтан ата-ана немесе ересектер мұндайда қатаң тәртіпке көшуі жөн емес делінеді. Дегенмен өтірік қосуға, ойдан шығарып сөйлеуге әдеттеніп кетпеуін қадағалаған абзал.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР