Австралия әлеуметтік желілерді қолдануға біржола тыйым салады

Австралия әлеуметтік желілерді қолдануға біржола тыйым салады

24-қараша. Turaninform. Балалардың әлеуметтік желілерді қолдануына Австралия үкіметі, нақты уақытын белгілей отырып, тыйым салды. Шектеу он алты жасқа дейінгілерді қамтиды. Соған сәйкес, 10-желтоқсаннан бастап, балалардың аккаунты жойылуы немесе істен шығарылуы тиіс. Мұны сол елдегі көптеген ата-аналар да қолдаған. Аталған елдің үкіметі былтыр шектеу қоятынын жариялаған болатын.
Австралия билігінің зерттеуіне қарағанда, 10-15 жастағы балалардың 70%-ы зиянды контенттерге тап болған: суицидке апаратын, төбелесті дәріптейтін және т.б. Ал, жартысынан астамы кибербуллингке ұшырағанын хабарлайды.

Фото интернеттен алынды 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0