9-сәуір. Turaninform. Еліміздің астанасындағы емхананың ендігі экс-басшылығы 675 млн теңгеден астам бюджеттік ақшаны талан-таражға салған. “Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған”, – деп мәлімдеді қалалық прокуратура өкілдері. Пациенттерді емдеуге бөлінген мемлекеттік ақшаны туыстары мен ауыздастарының есепшоттары арқылы заңсыз шығарып келген. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігіне сәйкес, (аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірер ай бұрын ғана Астанада аса ірі көлемде, міндетті медициналық сақтандыру қаржысын, алаяқтық жолмен жымқыру оқиғасы анықталған болатын. Астанадағы жемқорлық білім саласында да басылмай тұр. Былтыр бір ғана мектептің директоры мен бас бухгалтері миллиард теңгеге жуық ақшаны қылғытқаны әшкере болған еді.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР