Неміс билігі бункерлерді жабдықтауға кіріседі

Неміс билігі бункерлерді жабдықтауға кіріседі

27-қараша. Turaninform. Германия бункерлерге қайта көңіл бөліп, жабдықтау жұмыстарына кірісейін деп жатыр. Мұның ішінде, дабыл қағылған жағдайда, жақын жердегі бункерлерді мобилді қосымшадан табуға болатын қызмет те бар.

Неміс елі 2007ж. бункерді ендігі қажет емес нәрсе санаған болатын. Бертінге дейін 579 қоғамдық бас сауғалайтын жер сақталған екен. Бар болғаны, 500 мыңға жуық адам сыятын. Ал, бұл елдегі халық саны 80 миллионнан асады.
Ал, Польшада, 2026ж. бастап салынатын ғимараттарда, бас сауғалайтын жер болуы тиіс. Ұлыбританияда да бункерге сұраныс артқан. Финляндия, Швеция, Италия елдері де, халқына соғыс жағдайына қатысты нұсқаулықтарды таратты.
Еуропа Ресейдің империялық саясатының қаупін енді түсінген секілді.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0