24-наурыз. Turaninform. Еуропада экономиканы былай қойғанда, әскери әлеуеті жағынан да әлем бойынша ірі мемлекеттер бар. Десек те, резервтегі әскерге, сол елдер, жылдар бойы аса мән бермегені байқалады. Мысалы, Франция мен Германия бұл жағынан алғанда, шағын ел Эстониядан да кейін тұр! Екі елдің резервтегі әскер санын қоссақ, 75 мыңға да жетпейді. Германия және Франция халқының санын қосқанда, 150 миллионнан асатынын ескерсек, бұл тым аз.
Еуропа бойынша бұл көрсеткіште Грекия бірінші орында тұр. Ежелгі елдегі резервтік әскер саны 300 мыңды жуықтайды. Стратегииялық зерттеулер жөніндегі халықаралық институттың (IISS) мәліметі осындай. Бәлкім, Түркиемен арадағы саяси-әскери қақтығыстың салдары болса керек. Екінші орында – Финляндия. Империялық Ресеймен алысқан елде 233 000 резервтік әскер бар екен. Дегенмен бұдан да көп болуы мүмкін. Мәселен, Финляндияның Қорғаныс күштері сайтында шамамен 870 000 деп жазылған.
Ал, Еуропаның ТОП-10 елінің толық тізімі төмендегідей:
1. Грекия;
2. Финляндия;
3. Швейцария;
4. Австрия;
5. Ұлыбритания;
6. Румыния;
7. Кипр;
8. Дания;
9. Эстония;
10. Франция.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР