7-желтоқсан. Turaninform. Өткен айда ғана АҚШ президенті болып сайланған Д. Трамптың сөзінше, БРИКС-тің халықаралық саудада АҚШ долларын ауыстыра алатындай мүмкіндігі жоқ. Егер, соған ұмтылса, БРИКС елдеріне қатысты баж салығын 100%-ға арттырып жіберетінін құлаққағыс етіп қойды. Мұндай жағдайда, АҚШ импортында бірінші орында тұрған Қытайға тиетін таяқ ауыр. Сондай-ақ, Үндістанға осы сөздер әсер етті ме, Орталық банкінің басшысы өз елінде ортақ валюта жасау талқыланып жатпағанын хабарлады.
Биылғы күзде, БРИКС жиынында, ықтимал ортақ валютаның жобасы көрсетілген еді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР