Д.Трамп: Иран 2-3 аптада ядролық қаруға қолы жеткелі тұрды

Д.Трамп: Иран 2-3 аптада ядролық қаруға қолы жеткелі тұрды

10-қазан. Turaninform. АҚШ президенті Д.Трамптың сөзінше, Иран 2-3 аптада ядролық қаруға қолы жеткелі тұрған. B-2 стратегиялық бомбалаушы ұшағымен тиісті нысандарды жаруы, Тегеран жоспарын іске асыртпай тастағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Иран ядролық қаруды иемденген жағдайда, мұны астына басып жатпайтынын, бірден Израильге қарсы қолданып, толығымен жояр еді деген пікірде. Тіпті әрі қарай Еуропа елдерін де, АҚШ-ты да нысанаға алатынын қоса кетеді.

Бүгінгі Иран билігінің өзінде ядролық қаруға қол жеткізу туралы сөздер айтылып та жатыр. Бірақ, іске асыру, бөлек нәрсе. Мұндай жағдайда, Сауд Арабиясы да қарап қалмайтыны белгілі, яғни олар да жаппай қырып-жоятын қаруды жасап үлгіруге тырысады. Әрі Иранның тікелей де жанама қолдауына сүйенетін Таяу Шығыстағы экстремистік, террористік күштер одан сайын құтырары анық. Демек, аймақ қазіргі күйіне де зар болып қалуы әбден мүмкін…

Фото интернеттен алынды     

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0