Халық санын арттыру үшін төрткүндік жұмыс аптасы енгізіледі…

Халық санын арттыру үшін төрткүндік жұмыс аптасы енгізіледі…

9-желтоқсан. Turaninform. Жапония халық санын арттыру үшін төрткүндік жұмыс аптасын енгізеді. 2025ж. сәуірінен бастап. Сондай-ақ, жұмыс істейтін ата-ананы қолдайтын әдісті де жүзеге асыруды көздеп отыр. Мәселен, баласы бастауыш сыныбында оқыса, әкесі не шешесі жұмыс уақытын қысқартуына болады. Тиісінше, жалақысы да кемиді.

Бұл жоба бүкіл Жапонияны емес, Токионы ғана қамтиды. Дегенмен астанасы әлем бойынша ірі агломерациялық қала саналады. Бүгінгі күні жан-жағын қоса есептегенде, тұрғындар саны 40 миллионға жақындап келеді. Демек, іске асса, бүкіл еліне әсерін тигізеді.

Жапония – демографиялық дағдарысты басынан кешіріп жатқан елдердің бірі. Туу коэффициенті бар болғаны, 1,2 ғана. Мұндай жағдайда, халық саны кеми түседі, кәрі кісілердің саны артады.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0