25-желтоқсан. Turaninform. NASA аппараты Parker Solar Probe Күнге тым жақындауы мүмкін. Егер, ойдағыдай жүзеге асса, аталған жұлдызды 6,2 млн шақырым қашықтықта бақылап, жаңа ақпарат алуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, Күнге осынша жақындаған (адамзат баласы жасаған) алғашқы құрылғы саналмақ.
Бұл қашықтықтағы Күннен тараған температура 1400 Цельсий градусы болса, аппарат көтере ала ма? Радиацияны ше? Мұны алдағы уақытта білсек керек. Бірақ, аппарат жылдамдығы 692 000км/сағ екенін ескерсек, Күннің “қаһарынан” “қашып” үлгіре алатын секілді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР