16-маусым. Turaninform. Адамзат алғаш рет Күннің оңтүстік полюсін көрді. Суретке түсірген – Solar Orbiter (Еуропаның ғарыш агенттігі NASA-мен бірігіп жасаған) ғарыш аппараты. Solar Orbiter Күн экваторынан 15°-қа төмен түсуінің арқасында, адам баласы оңтүстік полюсінің қандай екенін байқай алды.
Сырт қарағанда, аса бір үлкен жаңалық секілді көрінбес, бәлкім. Дегенмен Жер тіршілігінде тым зор маңызы бар жұлдызды тереңінен зерттеуге ықпал етеді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР