Президент өзінің алдағы зейнетақысына көңілі толмайтынын байқатты…

Президент өзінің алдағы зейнетақысына көңілі толмайтынын байқатты…

17-ақпан. Turaninform. Биыл Польша президенті Анджей Дуданың екінші президенттік мерзімі аяқталады. Оның қазіргі жалақысы шамамен 26 500 злота. Соған сәйкес, ол қызметтен кеткеннен кейін алатын зейнетақысы туралы айтты. – Қолға тиетіні 11-12 мың злота ($2250-2500 – Turaninform). Егер, жылдар бойы көтерген президенттік қызметтің жауапкершілік жүгі тұрғысынан алсақ, басқа сыймайтындай ақша дей алмаймын, – деді Польша президенті.
Десек те, президенттік қызметі үшін оған сол зейнетақыдан бөлек, мемлекет тарапынан жеке кеңсесін жалдау ақысы төленеді, Польша территориясында пайдаланатын күзет қызметі т.б. бар.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki