10-қаңтар. Turaninform. Америка Құрама Штаттарынан өткен жылдың басынан аяғына дейін 605 мың заңсыз иммигрант депортацияланған. Бұдан бөлек, 1,9 миллион иммигрант өз еркімен кетіп қалған.
Д. Трамп екінші рет президенттік қызметке кірісе сала, заңсыз жолмен келгендерді елден шығаруды қолға алған болатын. Соған сәйкес, иммиграциялық қызмет (ICE) өкілдерін әр штатқа жіберді. Оларды тауып, өз елдеріне қайтару үшін.
Жылдар бойы АҚШ иммигранттарды ең көп қабылдайтын ел саналды. Сондай-ақ, мигранттар ішінде алып мемлекеттің дамуына үлес қосқандар да, түрлі қылмыс жасағандар да бар.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР