14-наурыз. Turaninform. Канаданың жаңа премьер-министрі Марк Карни Дональд Трамптың сөзіне қатысты пікірін білдірді. «Біз ешқашан, ешқандай үлгідегі, АҚШ-тың бөлігі болмаймыз», — деді ол. Мұның алдында Ақ үйдің уақытша қожасы Канаданы АҚШ-тың 51-штаты қылып қосып алуды айтқан еді. Сонымен қатар, ол Канаданы ойын еткені сонша, әнұранын қалдыратынын, себебі, ұнататынын айтты.
Канада осы уақытқа дейін АҚШ-қа сенімді серіктес елдердің бірі ретінде саналып келді. Дональдтың президент болып қайта сайлануы, екі елдің арасын ушықтырып барады. Ол сауда соғысын да бастады.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР