Украина 1000 шақырымға жететін зымыран жасағанын жариялады

Украина 1000 шақырымға жететін зымыран жасағанын жариялады

15-наурыз. Turaninform. Киев “Ұзын Нептун” деп аталатын зымыранды сынақтан сәтті өткізгенін жариялады. Бұл туралы Украина президенті мәлім етті. – “Ұзын Нептун” сынақтан өтті, әрі әскери мақсатта сәтті қолданылды. Жаңа украиндық зымыран, дәл соққы. Қашықтық – 1000 шақырым, – деп жазды ол әлеуметтік парақшасында.
“Нептун” зымыраны Украинада бірнеше жылдан бері бар. Дәлірегі, бұл 2020ж. қолданысқа берілген еді. Сондықтан В. Зеленский жаңартылған нұсқасы дегенді меңзесе керек.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki