Украина Ресейдің 74 елдімекенін бақылауға алды

Украина Ресейдің 74 елдімекенін бақылауға алды

14-тамыз. Turaninform. Бар болғаны бір аптаның айналасында, Украина Ресейдің 74 елдімекенін бағындырды. Бұл туралы сол елдің президенті В. Зеленский мәлім етті. Сонымен қатар, жүздеген Ресей әскерлері тұтқынға түскен. Мұның ішінде шешендердің арнайы жасағы да бар.
– Қазірдің өзінде жүздеген ресейлік әскер тұтқынға берілді. Олардың барлығына адами қарым-қатынас сақталады. Тіпті ондай қатынасты Ресей армиясында көрмеген – деді Украина президенті.
Кремль болса, Курск облысынан көшіріп жатқан тұрғындарының (180 мың адам эвакуацияланады) бір бөлігін Украинаның Запорожье облысына орналастырады екен. Белгород облысында да тыныш емес. Бір ғана Шебекино қаласы тұрғындарының 50-70%-ы үйлерін тастап, жан-жаққа қашқан.
Украина Ресейдің ендігі 1000 км² жерін бақылауға алды. Ресми Киев әскери операцияны әлі жалғастырады.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0