18-наурыз. Turaninform. АҚШ президенті Дональд Трамп суретін 100 долларлық купюраға қою ұсынылды. Бұл ақшаның бетінде қазір бұрынғы президент Бенджамин Франклин тұр. Ұсыныс тастаған Өкілдер палатасының мүшесі – Брэндон Гилл. Ол Республикалық партиядан… Оның сөзінше, Дональд Трамп отбасымен бірге қамсыз өмір сүруді емес, елдің жауапкершілік жүгін көтеруді таңдады, АҚШ мүддесін қайта бірінші орынға шығару жолында мұрнынан қан кеткенше жұмыс істеуде. Сондықтан да ол АҚШ президентін мәңгі есте сақтау үшін ақшаға суретін басуды қалайды.
Егер, Брэндонның ұсынысы ойдағыдай жүзеге асса, 2029ж. Дональды бар АҚШ доллары айналымға түсуі мүмкін.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР