20-наурыз. Turaninform. АҚШ президенті Д. Трамп Солтүстік Альянсты тағы да ауыр сынады. “АҚШ-сыз НАТО – қағаз жолбарыс! Олар Иранмен текетірескісі, күрескісі келмеді…” – деп жазды ол. Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Бұған дейін Д. Трамп Ормуз бұғазын ашуға көмек сұраған болатын. Бірақ, бірден қолдай кететін бір ел табылмады. Ол: “ҚОРҚАҚТАР, біз мұны ЕСТЕ САҚТАЙМЫЗ! Президент Дональд Трамп” – деп жазбасын аяқтады.
Дегенмен Канада, Жапония Ормуз бұғазын бақылау үшін көмек күшін жіберуі мүмкін. Тіпті Еуропа елдерінен де қосылуы ықтимал.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР