21-наурыз. Turaninform. АҚШ президенті Білім министрлігін жаба бастайтын жарлыққа қол қойды. Д. Трамптың бұл сайлауалды уәделерінің бірі еді. «Біз реті келгенше тезірек жабуға қамданудамыз, – деді ол. – Мұның бізге ешқандай пайдасы жоқ». Оның сөзінше, АҚШ әлем елдері ішінде білім саласына қаржыны ең көп бөлетін ел болса да, үлгірім көрсеткішінен соңғы орында.
Таяуда ғана тағайындалған Білім министрі Л. Макмэн, министрлік қызеткерлерін екі есе қысқартатынын жариялаған-ды. Сондықтан бүкіл министрлікті жойып жібермесе де, барынша қысқартса керек.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР