10-сәуір. Turaninform. Украина жерінде Ресей жағында соғысып ұсталған қытайлық сарбаз туралы қосымша ақпарат шықты. Ол соғысқа бару үшін ақша төлегенін айтқан және аз сома да емес. Сөзіне қарағанда, 300 мың рубль берген. Сонымен қатар, тұтқындалған екі қытайлық сарбазға қатысты Қытай үкіметі де мәлімдеме жасады. Пекин олардың майданға кетуінен хабарсыз көрінеді…
Ал, Украина президенті болса, Ресей тарапында соғысып жатқан 155 қытайлық анықталғанын айтады. Тіпті ол нақты саны бұдан да көп деп санайды.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР