3-желтоқсан. Turaninform. Кремль қожайыны Еуропамен соғысуға Ресей қазір де дайын екенін мәлімдеді. Әрі мұндай жағдайда, еуропалықтармен келіссөз жүргізуге мүмкіндік қалмайтынын қоса кетті. Ол ядролық қарумен талқандауды меңзеп отыр. Сонымен қатар, оның пікірінше, Украинадағы шайқас толық мағынадағы заманауи соғыс емес. Әрі украин елімен барынша (хирургтер секілді) абайлап соғысып жатқанын айтады.
Ресей-Украина соғысы әскери тұрғыда бұрынғы уақытпен салыстырғанда әжептәуір босаңсыған Еуропаны оятып жатыр. Мәселен, Германия, Бельгия, Франция т.б. мемлекеттерде ұзақ жылдардан бері әскерге бару міндетті емес. Енді барып аталған елдер, басқа да мемлекеттер ішінара және толықтай міндет етуге кірісіп жатыр.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР