28-сәуір. Turaninform. Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты – SIPRI әлем елдерінің әскери бюджеті, шығыны бойынша жылдағыдай тізіп шықты. АҚШ тағы да абсолютті бірінші орнын сақтап қалды. Жер жүзіндегі ең алып мемлекеттің әскери шығыны $1 триллионға жуықтаған. Екінші орында тұрған Қытайдың көрсеткішінен үш еседен аса артық. Дегенмен Пекиннің қарқыны да баяу емес. Бұл ел алғаш рет әскери шығынын 300 миллиард АҚШ долларының үстіне шығарды. Әрі әскери жоғары технологияны дамыта түсумен қоймай, ядролық қару санын да арттыруда. Батыс Еуропа бойынша алсақ, әлемдік геосаяси ахуал Германияны тым ойландырса керек, Ұлыбританияны артқа тастап, 4-орынға бір-ақ көтерілген.
Ал, ондықта тұрған елдердің толық тізімі төмендегідей:
1. АҚШ;
2. Қытай;
3. Ресей;
4. Германия;
5. Үндістан;
6. Ұлыбритания;
7. Сауд Арабиясы;
8. Украина;
9. Франция;
10. Жапония.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР