6-тамыз. Turaninform. Ғаламдық жылыну бүкіл халыққа, мемлекеттерге зиянын тигізері белгілі. Ал, климат өзерісінен қай ел алғаш болып суға батуы ықтимал? Daily Mail басылымы таратқан ақпаратқа қарағанда, бармақтай ғана Тувалу елі су астына кетуі мүмкін.Тынық мұхиттың ортасында орналасқан аралдың ең биік нүктесінің өзі теңіз бетінен 4 метр ғана биік. Сәл көтерілсе, қаншама үй, жол т.б. су астында қалады.
Сондықтан бүгінгі күні ғалымдар 2075ж. қарай, Тувалуды толықтай су басады деп болжап отыр. Мұның алдында, 2100ж. таяу аталған ел жерінің 95%-ы сондай қатерге ұшырайтыны айтылған еді.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР