30-мамыр. Turaninform. Климат дағдарысы бананды да соғып өтуі мүмкін. Соңғы зерттеулерге қарағанда, 2080ж. қарай Латын Америкасы мен Кариб бассейні жерінің үштен екісі банан өсіруге тиімсіз болуы ықтимал. Ал, Жер жүзіндегі супермаркеттерге таралатын жұмсақ та құнарлы жемістің 80%-ы сол аймақта өсіріледі екен.
Әлемде 400 миллионнан аса адам тәуліктік калорияның 15-27%-ын осы бананнан алады. Бұған арасында ғана жейтіндер кірмесе керек.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР