18-тамыз. Turaninform. Адамдардың үнемі дерлік шаршаңқы күйде жүруін, әдетте, психологиялық себептермен, жұмысқа деген құлшыныстың төмендігімен байланыстырып жатады. Шынында, солай ма? Эдинбург университетінің ғалымдары осыған орай, созылмалы шаршау синдромы бар 15 579 адамның ДНҚ-сына зерттеу жасайды. Соның нәтижесінде, олардың генетикалық кодының сегіз аймағы сау адамдардан өзгеше екені анықталған, яғни тұқыммен сабақтасып жатқанын меңзейді. Әрине, бұл әлі де жете зерттеуді, талдауды керек етеді.
Өкінішке қарай, әлемде созылмалы шаршау синдромымен 70 миллионға адам ғұмыр кешіп жатыр. Әрі мұны емдеудің нақты ережесі де жоқ делінеді.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР