28-тамыз. Turaninform. Бүгінгі күні климаттық өзгерістердің салдарынан Жер температурасы көтеріліп келе жатқанын аз естімейміз. Ми қайнатар ыстықта ұзақ уақыт қалған адамға күн тиетіні бұрыннан белгілі дүние. Ал, қартаюға қаншалықты әсер етеді? Ғалымдар Тайваньның 25 мыңға жуық тұрғынына 15 жыл бойы зерттеу жасайды. Соның нәтижесінде, олар екі жыл ішінде ұрған ыстықтың өзі адамның биологиялық қартаюын 8-12 күнге арттырады деген қорытындыға келген, яғни ғұмырды азайта түседі екен.
Ғаламдық жылыну – Жер жүзі бойынша бір жылдағы аптап ыстықтың 41 күнге көбеюіне әкелген.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР