Еуропаның ТОП-10 кедей елдері

Еуропаның ТОП-10 кедей елдері

23-қыркүйек. Turaninform. Еуроодақтағы кедейліктің орташа деңгейі 21% болған. Dengi.ua таратқан ақпаратқа қарағанда, Еуропа бойынша алғанда, кедейлері көп елдерді Түркие бастады. Бұл мемлекетте әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың үлесі 30,4% екен. Иықтасып Болгария тұр. ТМД елдерінің қайсысынан болсын, төменгі жалақысы да, ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы көрсеткіші де көш ілгері бұрынғы “одақтастар” – Латвия да, Литва да, Эстония да Еуропадағы жағдайы нашар он елдің қатарын толтырған. Аталған Балтық жағалауындағы үш елдің шамамен әрбір төртінші тұрғыны кедей.

Сонымен қатар, ТОП-10 тізімінде тұрғандардың жартысынан астамы бұрын социалистік жүйеде болғандар. Ал, ондықтың толық тізімі төмендегідей:

1. Түркие;
2. Болгария;
3. Румыния;
4. Грекия;
5. Испания;
6. Литва;
7. Латвия;
8. Италия;
9. Эстония;
10. Хорватия.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0