4-қазан. Turaninform. Газаны уысында ұстап қана қоймай, Израиль азаматтарын тұтқынға алып отырған ХАМАС АҚШ президентінің қойған шартына келісті. Экстремистік ұйым саналатын, Иранға арқа сүйейтін олар осыдан екі жыл бұрын кепілге алған тірі израильдіктерді де, қайтқандарының да денесін қайтарады. Әрі Газаны басқара алмайды. Д. Трамп жексенбінің кешіне, яғни Вашингтон уақытымен сағат 18.00-ге дейін уақыт беретінін, келіспесе, ешкім естімеген, көрмеген жазалауға ұшырайды деп ескерткен еді. Ал, Израиль болса, басқыншылық шайқасын тоқтатады.
Келісімге сәйкес, болашақта Палестина мемлекет ретінде құрылатын көрінеді. Десек те, Израиль тарапы бұған жол бермейтінін тағы мәлімдеді.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР