Газаны қалпына келтіруге 60 миллиардтан аса еуро қажет

Газаны қалпына келтіруге 60 миллиардтан аса еуро қажет

17-қазан. Turaninform. Израиль мен ХАМАС-тың өзара қақтығысы салдарынан қираған Газа секторын қайта қалпына келтіру үшін шамамен €60 миллиард қажет. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының арнайы өкілі Яко Силлиерс мәлім етті. Екі жыл ішіндегі қырғыннан, аймақтағы 283 мың пәтер мен үй қираған немесе бұзылды. Соның кесірінен шыққалы тұрған құрылыс қоқысының өзі 55 млн тонна болады екен. Әрине, бұдан жаңа жерге салған жеңілдеу. Секторды қалпына келтіруге, егер, жұмыс өгізаяң жүрсе, ондаған жыл кететіні айтылды.

Өкінішке қарай, екі тараптың қолдан бүлдіруі осындай шығынға ұшыратты. Ең бастысы, онмыңдаған бейбіт адамның өлімі – еш есепке сыймайды.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0