Нобель сыйлығын Венесуэла оппозиционері алды

Нобель сыйлығын Венесуэла оппозиционері алды

10-қазан. Turaninform. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадо алды. Былтыр ол аталған елде өткен Президент сайлауында оппозициялық күштердің ортақ үміткері ретінде ұсынылған еді. Бірақ, Н. Мадуро билігі оның жолын жауып тастаған болатын. Тіпті оның сайлауға түсуіне 15 жылға тыйым салған.

Халықаралық дәрежелі сыйлықтан АҚШ президенті дәмеленіп жүрген еді. Соған сәйкес, Дональд Трамп бірнеше соғысты, әскери қақтығысты тоқтатқанын айтып келді. Қызық болғанда, Нобель сыйлығының ендігі лауреаты Мария Мачадо өзінің бұл сыйлығын АҚШ басшысына арнайтынын жариялады.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0