15-қазан. Turaninform. Осыған дейін Windows 10 нұсқасын тегін жаңартып, қолдап келген Microsoft компаниясы, енді мұндай қызметін тоқтататынын мәлімдеді. Алдағы уақытта компьютеріне Windows 11 операциялық жүйесін қондырмағандар, яғни, 10-нұсқасында қала беруді көздеп, мұны жаңартуы үшін ақы төлеуі тиіс. Ақша төлемесе, қызмет көрсетпейді, тиісінше, вирус шабуылына ұшырау қауіпі бар. Windows 10 нұсқасы осыдан он жыл бұрын қолданысқа берілді.
Бүгінгі күні Windows әлемнің 1,4 миллиард құрылғысына қондырылған.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР