12-қыркүйек. Turaninform. Осыған дейін дүние жүзі бойынша әлемнің ең бай адамы ретінде Илон Маск саналып келді. Оны әзір озатын жан табылмайтындай көрінетін. Дегенмен Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисонның байлығы бір-ақ сәтте $101 миллиардқа артып, оны бірінші орыннан ығыстырды. Bloomberg мәліметіне қарағанда, оның жиған-тергені 393 млрд. АҚШ долларына жеткен.
Сексеннің сеңгіріндегі Ларри бірінші орынды қай кезге дейін ұстап тұра алады? Мұны алдағы уақытта білсек керек.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР