7-ақпан. Turaninform. Латвия екі жыл ішінде танкке қарсы мина зауытын салады. Бұл туралы Grani.lv сайты хабарлайды. Мұны латыш елінің “Мемлекеттік қорғаныс корпорациясы” немістің Dynamit Nobel Defence GmbH компаниясымен бірігіп іске асырайын деп отыр. Жоспар бойынша, 2028ж. өндіруді бастайтын мина зауытының бағыты ішкі нарық қана емес, экспортты да көздейді.
Аталған мемлекет өткен жылы жаяу әскерге қарсы мина қолдануға тыйым салатын Оттава конвенциясынан шыққан болатын. Соған сәйкес, Латвияның мина қолдануға да, өндіруге де мүмкіндігі бар. Ал, Конвенциядан шығуға Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысы әсер еткен. Әрі Ресей бұл құжатқа қол қоймаған.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР