8-желтоқсан. Turaninform. Күнделікті өмірде мидың қызметіне әр адам жіті мән бере қоймасы анық. Бірақ, керек-ақ. Себебі, әдетке айналған әрекеттер миға да кері әсерін тигізеді. Тіпті сол әдет мида қалыптасса да…
Сонымен миға қандай әдеттер зиян екен? Біршама тоқталсақ.
– Таңғы асты өткізіп алудың үрдіске айналуы. Мұндай жағдайда, түнімен демалмаған ми тіпті шаршайды. Өзінің қорын түгісе түседі.
– Алкогольді ішімдікке салынып кету. Бұл да мидың нағыз жауы саналады.
– Шылым шегу. Қан айналымын бұзады. Глюкозаның, ауаның қанға өтуіне кедергі етеді.
– Кофеге салыну. Тым көп іше беру, мидың жұмысын орынсыз қыздыра түседі.
– Дұрыс ұйықтамау. “Жатар орын – жарты құрсақ” деген қазақтың аталы сөзінде терең мән жатыр. Ұйқының қануы, миды тынықтырып, жемісті еңбек етуге ықпал етеді.
– Әннің даусын зор шығарып тыңдауды әдет ету де миға теріс әсерін тигізеді. Есте сақтау қабылетін, ми жасушасын бұзуы мүмкін.
Әрине, жоғарыда аталған мысалдардан да бөлек, кей теріс әдет миға зиян.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР