9-желтоқсан. Turaninform. Қазақстанның 2026-2028жж. арналған бюджетіне сәйкес, келер жылы да төменгі жалақы өспейтіні белгілі болды, яғни 85 000 тг қалпында қалады. Олай болса, айлық есептік көрсеткішті (АЕК) де сол қалпы сақтай тұрғаны жөнірек пе еді. Себебі, айыппұл да, басқа да алым көлемі артады, ал, жалақы сол қалпы… АЕК биыл 3932 теңге болса, келер жылы 4325 тг-ге жетеді.
Елімізде төменгі жалақы 2024 ж. бері өспей келеді. Келесі жылды қоссақ, үш жыл қатарынан сол қалпы сақталатынын білдіреді.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР