23-желтоқсан. Turaninform. Биыл Сауд арабиясында өлім жазасына ұшырағандар саны 347 адамға жетті. Осылайша, өткен жылғы көрсеткішінен асып түсті. Reprieve британдық құқық қорғау ұйымының мәліметі осындай. Аса ауыр жазаға кесілгендердің үштен екісінің қылмысы есірткімен байланысты. Сонымен қатар, олардың арасында билікті сынағаны, наразылық білдіргені үшін басы кеткендер де бар. Өлім жазасына кесілгендердің бесеуі әйел көрінеді.
Соңғы жылдары аталған елдің билігі әйелдерге көлік айдауға рұқсат беріп, діни полицияны алып тастап, халықаралық деңгейде кәсіпқой бокс ұймдастырып, қоғамға кеңдік танытқандай болғанымен, патшалықты сынағандарды аямау да өрістеген. Өлім жазасына кесілгендердің ішінде, ұсталған уақытында кәмелеттік жасқа толмағандардың болуы, Түркиедегі консулдікте журналисті азаптап өлтіруі, сыни мақаланы жазғаны дәлелденбесе де БАҚ өкілін биыл да о дүниеге аттандыруы – саяси жүйесі тоталитаризмде батпақтап жатқанының бір белгісі.
Фото интернеттен алынды




























ПІКІРЛЕР