Экстремал А. Хоннолд 101 қабатты ғимараттың үстіне арқансыз шықты

Экстремал А. Хоннолд 101 қабатты ғимараттың үстіне арқансыз шықты

26-қаңтар. Turaninform. АҚШ тұрғыны, экстремал, альпинист А. Хоннолд 101 қабатты – Taipei 101 ғимаратының үстіне шықты. Биіктігі де әжептәуір: 508 метр. Тайваньдағы аталған ғимараттың ұшар басына шығуға 1,5 сағат кеткен. Әрі арқан да, басқа да қауіпсіздік құралдарын пайдаланбаған екен. Жиырма жылдан аса уақыт бұрын француздық “Адам-өрмекші” де бұл ғимараттың төбесіне өрмелеп шыққан еді. Дегенмен ол қауіпсіздік құралдарын пайдаланды.

А. Хоннолд АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Эль-Капитан» құзына да осы әдіспен шыққан болатын. Әрі алғаш рет соның үстіне өрмелеп шыққан адам саналады.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0