13-ақпан. Turaninform. Transparency International жылдағыдай әлем елдеріндегі жемқорлық, парақорлық деңгейіне талдау жасады. Соған сәйкес, жемқорлық аздығынан Дания тағы да 1-орын алды. 100 ұпайлық өлшемдегі көрсеткіші – 89. Өкшесін Финляндия басты. Екі мемлекеттің осы алған орындары бірнеше жылдан бері өзгермей келеді. Жемқорлықтың жайылмауына саяси жүйесі, азаматтық қоғамы, қоғамдық мәдениеті жол бермей тұрғаны анық.
Ал, жемқорлық деңгейі төмен он мемлекеттің толық тізімі мынадай:
1. Дания;
2. Финляндия;
3. Сингапур;
4. Жаңа Зеландия;
4. Норвегия;
6. Швеция;
6. Швейцария;
8. Люксембург;
8. Нидерланды;
10. Германия;
10. Исландия.
Фото: Transparency International




























ПІКІРЛЕР