Прагада 400 мыңдай адам наразылыққа шықты

Прагада 400 мыңдай адам наразылыққа шықты

16-қараша. Turaninform. Чехия астанасы Прагада жексенбіде наразылыққа шыққандардың саны шамамен 400 мың болған. Өткен ғасырдың соңынан бері осынша адам жиналмапты. Олардың жүзмыңдап шығуына түрткі болған, А. Бабиш үкіметінің БАҚ туралы заңды өзгертуге ұмтылуы, яғни мемлекеттік қаржыға қаратып қойғысы келеді. Кезінде В. Орбан да осындай жол арқылы, қоғамдық БАҚ-ты тырп еткізбейтіндей деңгейге түсірген еді. Мұндай жағдайда демократия тұншығады, ақпарат құралдары билікке байлаулы болып қалады деп алаңдаған қалың жұрт бас көтерді.

– Бүкіл чех телеарналары – шындықтың, нақтылықтың кепілдігі, – деді Reuters‐ке 72 жастағы Милана ханым. Бұл елдің халқы қоғамдық телеарнаны, радионы пайдаланғаны үшін ай сайын ақысын төлейді. Дегенмен демократия одан әлдеқайда қымбат екенін терең түйсе керек.
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0