20-наурыз. Turaninform. Gallup, Oxford Wellbeing Research Centre және БҰҰ мекемесі бірігіп, әлем елдерін бақыт деңгейі бойынша тізіп шықты. Соған сәйкес, бірінші орынды Финляндия иеленді. Солтүстік Еуропа елінің мұндай жоғары деңгей көрсетуі таңғаларлық емес. Фин мемлекетінде демократиялық саяси жүйе орныққан, азаматтық қоғамы дамыған. Тиісінше, сөз бостандығы, жемқорлық төмендігі бойынша да, әлем елдері ішінде алдыңғы орыннан түспей келеді. Үштікте тұрған Исландия мен Данияға қатысты да осындай сөздерді жазуға болады. Тіпті ондықтағы елдердің барлығына дерлік те…
Тізім түзуде әрбір елдегі ЖІӨ, жемқорлық, еркіндік т.б. негізге алынған. Сонымен зерттеу жасалған 140 мемлекеттің ішінен қара үзіп кеткендердің ондығы төмендегідей:
1. Финляндия;
2. Исландия;
3. Дания;
4. Коста-Рика;
5. Швеция;
6. Норвегия;
7. Нидерланды;
8. Израиль;
9. Люксембург;
10. Швейцария.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР