Ерте тұру әр адамның денсаулығына пайдалы емес

Ерте тұру әр адамның денсаулығына пайдалы емес
18-наурыз. Turaninform. Бүгінгі күні ерте тұру әлдебір сәнге айналып бара жатқаны байқалады.
Дегенмен мұны әдет ету – әр адамның денсаулығына пайдалы бола бермейді. Бұл туралы “Science Alert” жазады. Мәселен, табиғатында ерте жататындар, таң атпай тұрудан аса бір қинала қоймайды. Әдетте, олар сергек тұрып, энергиясы жұмыс уақытының бірінші жартысында тасып тұрады. Керісінше, кеш жату бойында бар адамды, ерте тұруға сүйреу – кері салдарын көрсетуі мүмкін. Себебі, оларда көбіне түстен кейін, кешке қарай жұмыс белсенділігі артады. Тіпті түнде де жақсырақ жұмыс істеуі мүмкін.
 Сондықтан мамандар әр адамның хронотипіне, биологиялық сағатына қарау қажет дейді. Әрине, кештің адамымын деп, түн ортасына дейін жүріп, түске шейін жату да қалыпты жағдайға айналмағаны абзал…
 Фото интернеттен алынды  

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0