31-шілде. Turaninform. Өзіне жақынынан айрылу – адамның денсаулығына кері әсер етері белгілі жәйт. Ал, Нью-Йорктегі Колумбия университетінің зерттеу нәтижесіне қарағанда, қайғылы адам қартая да түседі екен. Мәселен, жасушалар қызметі нашарлап, созылмалы аурулар пайда бола бастайды.
Сонымен қатар, жас кезінде жақынынан (әке-шешесі, бауыры, отбасындағы әлдекім) айрылу – сол адамның психикалық денсаулығын бұзып, жүрек-қан тамырлары ауруына ұшырау қатерін т.б. арттырады екен.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР