20-наурыз. Turaninform. Біріккен Ұлттар Ұйымы жылдағыдай әлем елдерін бақыттылық деңгейіне қарай түзіп шықты. Гэллап институтымен әріптесе отырып жасаған World Happiness Report зерттеуінде, Финляндия тағы оза шапты. Аталған мемлекет бірнеше жыл қатарынан бірінші орыннан түспей келеді. Назар аударарлық тағы бір жайт, ТОП-10 тізіміне Солтүстік Еуропа елдерінің барлығы енген.
Зерттеу бірнеше өлшемдер негізінде жасалған. Адамның бақыт туралы жеке көзқарасынан бастап, сол елдің ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы көрсеткіші, қолжетімді әлеуметтік қолдау, еркіндік, жемқорлық, сондай-ақ салауатты өмір сүруге дейін назарға алынған.
Сонымен ондыққа мына елдер енген:
1. Финляндия;
2. Дания;
3. Исландия;
4. Швеция;
5. Нидерланды;
6. Коста-Рика;
7. Норвегия;
8. Израиль;
9. Люксембург;
10. Мексика.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР