Д. Трамп Иран Ормуз бұғазын толығымен ашқанын жариялады 

Д. Трамп Иран Ормуз бұғазын толығымен ашқанын жариялады 
17-сәуір. Turaninform. Ормуз бұғазы толығымен ашылғанын жариялады. АҚШ президенті Д. Трамп пен Иран СІМ-і. Бұғазды ашу – Исламабадта (Пәкістан) өткен АҚШ-Иран келіссөзі кезіндегі күрделі тақырыптардың бірі болған еді. Бірақ, ресми Тегеранның сөзінше, бұғазды екі апта бітім уақыты аяқталғанға дейін ғана ашық ұстайды. Ал, Ақ үй басшысы болса, АҚШ әскери-теңіз күштерінің Иран порттарын қоршауы Вашингтон мен Тегеран арасындағы бейбіт келісім орнағанға дейін жалғасатынын мәлімдеді.
 Иран Ормуз бұғазын соғыс басталғаннан бері дерлік басып алды. Аталған халықаралық су жолымен әлемдік мұнай экспортының шамамен 20%-ы өтеді.
 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0